Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№16 жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

Мектеп тарихы

Мектеп алғашында №8 орта мектептің (қазіргі №47 орта мектеп) ғимаратында орналасқан. 1953 жылы мұғалімдер мен оқушылар Жеңіс даңғылы, 34 мекен жайындағы ғимаратқа көшірілді. Бұл ғимарат бастапқыда госпиталь ретінде салынғанымен, госпиталь қызметі жүзеге аспай, 1953 жылдан бастап «№16 орта мектеп» ретінде жұмыс істей бастады.

Сәулетші Гома Жилгородок ауданын айналасына, «Химик» стадионынан АЗФ стадионына дейін созылған жасыл белдеу жобасын жасаған. Сол жобаға мектеп те кірді

Сабақтар таңғы сағат 8:00-де орыс тілінде басталып, сағат 14:00-ден кейін қазақ тілінде жүргізілді. Кешкі уақытта ересектер кешкі мектепте білім алды. Бұл жүйе 1964 жылға дейін жалғасты.

1956 жылдан бастап қызмет ету жылдары ішінде мектепті төмендегі директорлар басқарды:

№ п\п Басқару жылдары Директордың толық аты жөні Пән атауы
1 1956 Назаров  
2 1957-1965 Кузнецов Евгений Максимович  
3 1966-1973 Ким Борис Андреевич  
4 1973-1974 Кенешев    ____   Кенешович математика
5 1974-1976 Алгиев Адельхан Калиевич тарих
6 1977-1986 Бекенбаев Флор Александрович тарих
7 1987-1993 Такешева Светлана Хайрулловна Тарих
8 1994-2002 Утегенов Геннадий Галлимович математика
9 2002-2007 Власова Галина Петровна Орыс тілі мен әдебиеті
10 2008-2009 Омарова Гульжанат Давлетовна тарих
11 2009-2011 Наримбетова Гульнара Мухангалиевна Орыс тілі мен әдебиеті
12 2012-2014 Алиева Баян Сапаргалиевна математика
13 2014-2017 Латып Алиби Турсынгалиевич тарих
14 2018-2025 Ожерельева Эльвира Шамильевна тарих
15 2025- Сисенова Замира Максутовна биология

 

Оқыту тілі: аралас (қазақ және орыс тілдерінде)