Мектеп алғашында №8 орта мектептің (қазіргі №47 орта мектеп) ғимаратында орналасқан. 1953 жылы мұғалімдер мен оқушылар Жеңіс даңғылы, 34 мекен жайындағы ғимаратқа көшірілді. Бұл ғимарат бастапқыда госпиталь ретінде салынғанымен, госпиталь қызметі жүзеге аспай, 1953 жылдан бастап «№16 орта мектеп» ретінде жұмыс істей бастады.
Сәулетші Гома Жилгородок ауданын айналасына, «Химик» стадионынан АЗФ стадионына дейін созылған жасыл белдеу жобасын жасаған. Сол жобаға мектеп те кірді
Сабақтар таңғы сағат 8:00-де орыс тілінде басталып, сағат 14:00-ден кейін қазақ тілінде жүргізілді. Кешкі уақытта ересектер кешкі мектепте білім алды. Бұл жүйе 1964 жылға дейін жалғасты.
1956 жылдан бастап қызмет ету жылдары ішінде мектепті төмендегі директорлар басқарды:
| № п\п | Басқару жылдары | Директордың толық аты жөні | Пән атауы |
| 1 | 1956 | Назаров | |
| 2 | 1957-1965 | Кузнецов Евгений Максимович | |
| 3 | 1966-1973 | Ким Борис Андреевич | |
| 4 | 1973-1974 | Кенешев ____ Кенешович | математика |
| 5 | 1974-1976 | Алгиев Адельхан Калиевич | тарих |
| 6 | 1977-1986 | Бекенбаев Флор Александрович | тарих |
| 7 | 1987-1993 | Такешева Светлана Хайрулловна | Тарих |
| 8 | 1994-2002 | Утегенов Геннадий Галлимович | математика |
| 9 | 2002-2007 | Власова Галина Петровна | Орыс тілі мен әдебиеті |
| 10 | 2008-2009 | Омарова Гульжанат Давлетовна | тарих |
| 11 | 2009-2011 | Наримбетова Гульнара Мухангалиевна | Орыс тілі мен әдебиеті |
| 12 | 2012-2014 | Алиева Баян Сапаргалиевна | математика |
| 13 | 2014-2017 | Латып Алиби Турсынгалиевич | тарих |
| 14 | 2018-2025 | Ожерельева Эльвира Шамильевна | тарих |
| 15 | 2025- | Сисенова Замира Максутовна | биология |
Оқыту тілі: аралас (қазақ және орыс тілдерінде)














































