11 қазан күні «Күзгі асар» жәрмеңкесі сәтті өтті. Оқушылар мен ата - аналар өз қолдарымен әзірлеген өнімдерін сатты. Іс - шара ұжымды біріктіріп, қайырымдылыққа үлес қосты.
«Күзгі асар» жәрмеңкесінің мақсаты - оқушылар мен ата - аналарды біріктіріп, бірлесіп еңбек етіп, өнімдерін саудалау арқылы ортақ мақсатқа жету.
Күзгі асар жәрмеңкесі - адамдарды біріктіруге бағытталған іс - шара. Бұл жәрмеңкеде оқушылар, ұстаздар мен ата - аналар әлеуметтік қарым - қатынас орнатуға мүмкіндік алады.
«Күзгі асар» жәрмеңкесі қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылды. Жиналған қаражат әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, көпбалалы отбасыларға жұмсалды.
Қорытынды:
Күзгі асар жәрмеңкесінің мақсаты тек қана өнім саудасын ұйымдастыру ғана емес, әлеуметтік бірлікті нығайтып, қайырымдылық шараларына үлес қосу, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және адамдарды біріктіру болып табылады.