Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында көңілді қоңырау ұйымдастырылды.
«Көңілді қоңырау» мақсаты:
Оқушылардың бір - бірімен көңіл көтеруі: Көптеген оқушылар бір - бірімен көңіл көтеруге мүмкіндік туады. Бұл шараның көмегімен мектептегі әр оқушының көңіл - күйі көтеріледі.
Патриоттық сезімді ояту: Бұл шара мектеп қауымдастығын біріктіретін және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәні бар. Әрбір мектеп өз дәстүрлерін сақтап, түрлі шаралар өткізу арқылы оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысады.
Қорытынды:
«Көңілді қоңырау» - мектеп өмірінің маңызды бөлігі, оқушыларды білімге қадам басуға ынталандыратын, олардың бойында өз мектебіне деген сүйіспеншілікті оятатын, бірлік пен достықты нығайтатын шара болып табылады.