Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№16 орта мектебі" КММ
Жүгіру жолы
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№16 орта мектебі" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mektep16aqtobe.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ата-аналарды педагогикалық орталығының жұмыс жоспары бойынша 4-қыркүйек күні мектебіміздің психологі Машар А.С.ата-аналарға баласының уақытты басқару және оны тиімді ұйымдастыра білу, оқу және бос уақытты бірлесіп жоспарлау тәсілдері туралы кеңес беру мақсатында «Семейный тайм менеджмент» атты тренинг өткізді.

Мақсаты:

  1. Уақытты жоспарлау дағдыларын дамыту: Балаларға күнделікті, апталық және айлық жоспарлар жасауға, уақытты бөліп жұмсауға көмектесу. Бұл дағдылар баланың оқуда, жеке дамуында және әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарады.
  2. Жауапкершілікті арттыру: Балаларға өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды, міндетті істерін орындау үшін жоспарлы түрде әрекет ету қажеттілігін түсіндіру.
  3. Мақсат қою және оған жету жолдарын үйрету: Балаларға нақты мақсаттар қоюды, сол мақсатқа жету үшін қажетті қадамдарды жоспарлауды және сол бағытта жұмыстануды үйрету.
  4. Бос уақытты тиімді пайдалану: Балаларға демалыс және оқу арасындағы баланс табуды, бос уақытты пайдалы істерге арнауды үйрету. Бұл, әсіресе, стресс пен шаршауды болдырмауға ықпал етеді.
  5. Ата-аналарға кеңес беру: Ата-аналарға балаларын уақытты дұрыс басқаруға үйретудің әдістері мен тәсілдерін түсіндіру. Бұл баланың жеке дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

Тренингтің басты мақсаты - баланың уақытын дұрыс басқаруды үйрету арқылы оның білім алу, жеке даму және әлеуметтік ортада сәтті болуына ықпал ету.